Мемлекет басшысы ҰОС-да ерлікпен қаза тапқан майдангерлерге «Халық қаһарманы» атағын берді

Авторы: Qyzyljar News

Президент Жарлығымен Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен үш майдангер марапатталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

«1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені 8-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-ші гвардия атқыштар полкі 2-ші атқыштар ротасының мергені Әбдібеков Төлеуғали Насырханұлына (қаза тапқан), 126-шы Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-шы атқыштар полкі 1-ші атқыштар батальонының командирі Несмиянов Александр Александровичке (қаза тапқан), 100-ші жеке атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-ші бөлімшесінің мерген-бақылаушысы Сүлейменов Ыбырайымға (қаза тапқан) берілді», — делінген Жарлықта.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz