Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінде 7, 16, 4м және 8м маршруттарының жаңа қозғалыс бағыты әзірленді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
10 мамырдан бастап Петропавлдағы Жұмысшы кентіне апаратын көпір жабылады. Аталған учаскеде мамырдың 20-сына дейін жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты 7, 16, 4М, 8М маршруттардың қозғалысы келесі схемалар бойынша жүзеге асырылады:
Фото: Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев