Әлихан Смайылов жылу электр орталығына барды

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов осыдан екі ай бұрын мұржасы жартылай опырылып түскен Петропавл 2-ЖЭО-ға барды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жылу электр орталығын жөндеу жұмыстары бойынша жол картасы әзірленді. Нысанды қалпына келтіру үшін шамамен 17,2 млрд теңге қажет. Қаражаттың 3 млн-ы жаңа түтін мұржасын орнатуға жұмсалуы мүмкін. Қазір жылу электр орталығында жабдықтарды жөндеу және станцияны жылыту маусымына дайындау жұмыстары жүріп жатыр. «Севказэнерго» АҚ бас директорының міндетін атқарушы Андрей Калиничев тексеріс жұмыстары жүргізілгенін айтты. Қорытындысы мамыр айының соңында белгілі болады.

— Қазандықтарды екінші мұржаға ауыстыру схемасын дайындадық. 4 қазандық агрегатына күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Қазандықтарды жөндеуге 8 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Қыркүйекке дейін алты қазандық дайындалады деген жоспар бар. Одан соң тағы 3-еуі жаңартылады. Станция жылыту маусымына дайын болады, — деді Андрей Калиничев.

«Орталық-Азия энергетикалық корпорациясы» АҚ акционері Сергей Кан қажетті нәтижелер дайын болғаннан кейін мұржа жөнделетінін немесе орнына жаңасы салынатынын айтты.

— Біз сіздің ақпаратыңызды назарға аламыз. Құбырды қалпына келтіру жылу электр орталығы иесінің есебінен жүргізілуі тиіс. Қажетті қаражатты іздестіруін сұраймыз. Кестемен белгіленген мерзімге дейін барлық жұмыстарды аяқтау қажет. Бастысы шаруа сапалы әрі тезірек атқарылғаны маңызды, — деді Әлихан Смайылов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz