Қазақстанда «Алтын белгі» төсбелгісін алу талаптары қатаңдатылды

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook-тағы парақшасында келесі жылдан бастап 9-сыныптан кейін ерекше үлгідегі аттестат иеленген, 10-11 сыныптардың барлық оқу тоқсаны бойынша «үздік» деген баға алған оқушылар «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер бола алатынын жазды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Сондай-ақ «Алтын белгіге» ниетті талапкерлер НЗМ базасында математикадан емтихан тапсыруы керек. Министрдің айтуынша, бұл шара академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін қабылданғанын түсіну маңызды.

-Былтыр «Алтын белгі» алғандардың кейбірі ҰБТ-дан төмен балл алды. Осыған байланысты үміткерлерді үздік белгіге объективті және ашық бағалау үшін емтихандардың бірі тәуелсіз білім беру ұйымында өтеді,-деді Асхат Аймағамбетов.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz