Петропавлда саяжайлардағы өртке кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да жыл басынан бері 250 өрт тіркеліп, 24 адам қаза тапты, 5 адам түрлі жарақат алды. Бұдан бөлек 13 адам газдан уланған. Өрттен келген шығын 106 миллион теңге шамасында, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

8- мамырда Копай шағын ауданында үш тұрғын үйде өрт шықты.

— Қауіпсіздік техникасы сақталмағандықтан өрт шықты. Сөндіру кезінде төрт газ баллон табылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, — деді Петропавл қаласы ТЖ басқармасының бастығы Әзімхан Мерғасымов.

9 — мамыр күні осы шағын ауданда 500 шаршы метр аумақта қамыс өртенді. Жалын тұрғын үйлер мен тұрмыстық нысандарға зиян келтірді.

— Біреу қасақана өрт қойған. Басқарма қызметкерлері полиция қызметімен және әлеуметтік қорғау бөлімімен бірлесіп қала тұрғындарына өрт қауіпсіздігі шаралары туралы және өрт қаупі артқан кезеңде құрғақ шөпті, қалдықтарды жағуға тыйым салу туралы ескертіп, рейдтер жүргізеді, — деді Әзімхан Мерғасымов.

Сондай-ақ, брифингте Заречный кентінде 200-ге жуық саяжайды шарпыған өртке кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. Оларға 20 АЕК дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz