448
Бразилияда өткен Сурдлимпиада ойындарында солтүстікқазақстандық спортшы қола медальға ие болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Солтүстікқазақстандық спортшы Фархат Қыстаубаев 110 метрге кедергілерден жүгіруден қола медальға ие болды.
Сондай-ақ жеңіл атлет Владимир Беккер осы қашықтықта төртінші орынды иеленді.
Сурдлимпиада ойындары 1924 жылдан бері өткізіліп келеді. Спорт сайысында есту қабілеті бұзылған адамдар бақ таластырады.