Петропавлда «Жыршыл жүрек» атты поэзия кеші өтті

Авторы: Qyzyljar News

Бүгін Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада жерлесіміз, көрнекті ақын, қоғам қайраткері Ғалым Малдыбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай поэзия кеші ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Жыршыл жүрек» атты шараға М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың студенттері мен оқытушылары, мектеп оқушылары, «Қаламгер» клубының өкілдері, Ғалым Малдыбаевтың балалары және жерлестері қатысты.

Ғалым Малдыбаев 1902 жылы 14мамырда қазіргі Шал ақын ауданы Жаңажол ауылында дүниеге келген. Ақын поэзиясының биік шыңы «Қырым қызы» поэмасы. Сонау 1933 жылы тұсауы кесілген дастан бірден жұртшылықтың жүрегін баурап алды. Бұдан кейін ақын «Шахтер», «Қажымұқан», «Қошан қарттың әңгімесі», «Батыр туралы дастан», «Ақ келін», т.б туындыларды жазды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz