Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 4 мамырдағы бұйрығымен ақ қант пен құрақ қанты шикізатын ел аумағынан шығаруға тыйым салынады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
-6 ай бойы Қазақстан Республикасының аумағынан ақ қант пен құрақ қанты шикізатын әкетуге тыйым салу енгізілсін,- делінген құжатта.
Ауыл шаруашылығы министрлігіне белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссияға көрсетілген шаралардың қолданылғаны туралы хабарлау тапсырылды. Бұйрық 2022 жылғы 23 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
Pexels иллюстрациялық фотосы