СҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс орталығының өндірістік аймағындағы қамыс өрті толық сөндірілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ведомствоның мәліметінше, өрт орнында 60 құтқарушы мен 14 техника жұмыс істеген. Қатты жел мен маңайдың саз батпақ болуы да мамандардың жұмысын едәуір қиындатқан. Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің айтуынша, жалын жанармай құйылған цистерналарға қауіп төндіргендіктен, ең жоғары деңгей ретінде бағаланды.
Өрттің жалпы ауданы 8 гектарды құрады.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең, 13 мамырда Петропавлдағы өнеркәсіп аймағында қамыс өртенгенін хабарлағанбыз.