Бескөл ауылының тұрғыны 2 бірдей сиырынан айырылып қала жаздады. Малы шұңқырдағы саз-балшыққа батып, шыға алмай қалған екен, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Малы өрістен оралмағанына уайымдаған әйел бірден полицияға хабар берген. Тәртіп сақшылары маңайды шолып, келесі күні жайылымнан шамамен 5 шақырым жерден ірі қараларды тапты. Үйелеп қалған мал трактордың көмегімен шығарылды.
Тәртіп сақшылары мал иелері мен бақташыларға жануарларды еркін жібермей, ұдайы қадағалап отыру керегін ескертеді.
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінен