Сенатор Ерік Сұлтанов жергілікті университет студенттерімен кездесті

Авторы: Qyzyljar News

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-да сенатор Ерік Сұлтанов және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Есжан Оразалин студенттермен кездесті. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты облысқа жұмыс сапары барысында солтүстікқазақстандық жастарға рефендумның мақсаты туралы баяндап, Конституцияға енгізілетін түзетулер туралы егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Референдумнан кейін 33 бапқа өзгерістер енгізіледі. Жалпы, Конституцияға өзгерістер енгізудің маңызы зор. Президент өзінен көптеген өкілеттіктерді алып тастайды. Мысалы, ол енді партия мүшесі болмайды, — деді Ерік Сұлтанов.

Сенатордың ойынша, басты түзетулердің бірі — Конституциялық соттың құрылуы.

— Бұрын Конституция бұзылған жағдайда Президент пен Парламенттен басқа ешкім Конституциялық кеңеске жүгіне алмайтын. Енді әрбір азамат конституциялық сотқа жүгіну құқығына ие болады,-деді Ерік Сұлтанов.

Сондай-ақ, Парламенттегі Мәжіліс пен Сенаттың атқаратын жұмыстары өзгереді. Бұрын Мәжіліс заңдарды мақұлдаса, енді маңызды құжаттарды қабылдайтын бірінші буын болып табылады. Ал енді Сенат оларды мақұлдайтын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz