Облыста 260 адамды кене шақты. 10 күн ішінде зиянды жәндіктен зардап шеккен солтүстікқазақстандықтардың саны 2,5 есеге, ал былтырғы кезеңмен салыстырғанда 1,8 есеге артқан, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қансорғыш кене шағып алған адамдардың 82-сі — 14 жасқа дейінгі балалар. Соңғы аптада 86 тұрғын дәрігер көмегіне жүгінген, 24-і – бала.
-Кене энцефалиті — табиғи-ошақтық инфекциялардың ішіндегі ең қауіптілерінің бірі болып табылады. Оларды жөлек кенелер таратады. Былтыр облыста кене энцефалитінің 9 жағдайы тіркелді. Ал осы жылы кене энцефалиті фактілері анықталмады,-деп хабарлады баспасөз қызметі.
Фото: ашық дереккөзден