Халықаралық Менделеев олимпиадасында қазақстандық оқушылар 8 медаль жеңіп алды

Авторы: Qyzyljar News

Химиядан 56-шы Халықаралық Менделеев олимпиадасында қазақстандық оқушылар 3 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зияткерлік сайыстар мамырдың 9-ы мен 16-сы аралығында Ташкент қаласында өткізілді. Қазақстан құрамасы атынан Қарағанды, Ақтау, Нұр-Сұлтан, Өскемен, Павлодар және Ақтөбе қалаларынан 10 және 11 сыныптардың 12 оқушысы қатысты. Олар ТМД, Балтық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің оқушыларымен бақ сынасты.

-Өзбекстанда өткен Менделеев олимпиадасының жүлдегерлері қабылдау емтихандарын тапсырмай-ақ Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарында тегін оқуға мүмкіндік алады. Ташкентке 2022 жылғы республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері барды. Сондай-ақ, олар бірнеше рет оқу-жаттығу жиындарында ең жоғары нәтиже көрсеткен олимпиадалық резервтің мүшелері,-дейді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешев.

Фото: ҚР БҒМ баспасөз қызметінен

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz