СҚО-да 8 ірі қарадан бруцеллез ауруы анықталды

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында бруцеллез ауруының тағы бір ошағы тіркелді. Қызылжар ауданына қарасты Боголюбово ауылында 8 ірі қара малдың бойынан қауіпті ауру табылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстікқазақстандық ветеринарлар Боголюбово ауылын қатаң бақылауға алды. Аурудың жаппай таралуына жол бермеу үшін округ әкімі мен ветеринардың шешімімен ауылда жақын күндері шектеу шаралары енгізілетін болады.

–Мамандар жыл басынан бері облыста 345 418 мал басын тексерді. Соның нәтижесінде 85 ірі қарадан бруцеллез анықталды. Қауіпті індет облыстағы Айыртау, Ақжар, Аққайың, Мағжан Жұмабаев, Уәлиханов және Қызылжар аудандарында анықталды. Соңғысы Боголюбово ауылында тіркелді. Айта кету қажет, былтыр күзде ғана дәл осы ауыл карантинге жабылған болатын. Енді әр 15-20 күн сайын мұндағы малдардан сынама алынады. Жағдай реттелгенше, мәселе біздің бақылауымызда болады, — дейді облыстық ветеринария басқармасының бөлімі басшысы Қайырлы Қазанов.

Жыл басынан бері өңірде қауіпті ауру анықталған 85 ірі қараның көзі жойылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz