Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 69 жасқа толды

Авторы: Qyzyljar News

Бүгін, 17 мамыр ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 69 жасқа толды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы Алматыда дүниеге келген. Оның әкесі — белгілі жазушы Кемел Тоқаев, ал анасы — мұғалім Тұрар Шабарбаева. 1970 жылы ол Алматыдағы № 25 орта мектепті бітіріп, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтына оқуға түсті. 1992 жылы РФ СІМ Дипломатиялық академиясын тәмамдады. Қазақстанның болашақ Президенті еңбек жолын 1975 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінде кезекші көмекші болып бастады. Әр жылдары ол КСРО Сыртқы істер министрлігінде хатшы болып қызмет етті.

1992 жылы Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары болды. Ал бір жылдан кейін осы ведомствоның басшысы болып қызмет атқарды. 1999 жылы наурыз айында Премьер-Министрдің орынбасары, сол жылдың қазан айында еліміздің Премьер-Министрі болып тағайындалды. 2002 жылы қаңтарында отставкаға өтініш беріп, артынша Мемлекеттік хатшы әрі Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Бұл қызметте 2007 жылдың қаңтарына дейін жұмыс істеді.

2007 жылы Парламент Сенатының Төрағасы болып сайланды. 2011 жылғы наурыз айында БҰҰ бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры және Қарусыздану жөніндегі конференцияда БҰҰ Бас хатшысының жеке өкілі болып тағайындалды.

2013 жылы қазан айында қайтадан Парламент Сенатының Төрағасы болып таңдалды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл қызметті 2019 жылға дейін атқарды.

2019 жылы наурыздың 19-ы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттік өкілеттігін тоқтатып, мемлекет басқаруды Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz