Улы арамшөпке байланысты 11 ауданда карантин енгізілді

Авторы: Qyzyljar News

Облыста жатаған укекіре арамшөбі қаптап кетті. Осыған байланысты 11 ауданға карантин енгізілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Нормативтік-құқықтық актілер сайтында Айыртау, Ақжар, Аққайың, Жамбыл, Мағжан Жұмабаев, Кызылжар, Ғабит Мүсірепов, Тайынша, Тимирязев, Уәлиханов, Шал ақын аудандарының аумағында карантин енгізу туралы қаулы жобасы жарияланды. Зиянды шөп шамамен 126 мың га алқапқа жайылған.

Жалпы жатаған укекіре — оңайлықпен жойылмайтын, тамыры мықты арамшөптің бірі. Ол топырақты құрғатып, дақылдармен салыстырғанда қорек пен ылғалды 2-5 есе көп сіңіреді. Укекіре жайылымдардың өнімділігін күрт төмендетеді, жемшөп сапасын нашарлатады. Құрғақшылық жылдары өнім шығымдылығы 60-70 %-ға төмендейді. Тамыры топырақта 3 жылға дейін, тұқымы 5 жылға дейін сақталады. Арамшөп үй жануарларына, әсіресе жылқы малына өте зиян.

Тәжірибелі диқан Жомарт Омаровтың айтуынша, бұрын жатаған укекіре белгілі бір алқапта анықталған жағдайда оны қоршап тастап, механикалық жолмен жоюға тырысқан.

-Укекіре өте зиянды және одан 30 жылдап құтыла алмағандар бар. Бұл арамшөп бізге шеттен келуі мүмкін, өйткені кейбір шаруашылықтар алған тұқымдарын тексермейді, кімнен болса содан алып себеді. Ал оның зардабы орасан. Егер жатаған укекіре бойынша карантин енгізілетін болса, кейін басқа мемлекеттер біздің өнімді алмай қоюы мүмкін. Бидайдың сапасына әсер етеді, өнімділігі азаяды, — дейді Жомарт Омаров.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz