Облыста мүгедектікті сырттай анықтау қанатқақты жобасына 600-ге жуық адам қатысты

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында 600-ге жуық адам мүгедектікті сырттай анықтау пилоттық жобасына қатысты. Оның аясында тұрғындар медициналық комиссиядан өтпей-ақ диагноздарын растады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Аталмыш жоба былтыр қараша айында медициналық ақпараттық жүйені біріктіру нәтижесінде енгізілді. Бұл жыл сайын медициналық комиссиядан өтіп, өзгермейтін диагнозын қайта дәлелдеуді қажет ететін пациенттер үшін ыңғайлы. Жалпы мүгедектікті сырттай анықтау пилоттық жобасы аясында 12 түрлі нозологиялық ауру түрлерін қашықтан растауға болады.

-Сырттай куәландыру жобасына қатысу бойынша СҚО Алматыдан кейін 2 орында тұр. Егер 12 түрлі нозологиялық ауруға қатысты бөліп қарайтын болсақ, қатерлі ісікпен ауыратын 300-ден астам адам, қант диабетімен ауыратын 17 сырқат, Даун диагнозы қойылған 5, психикалық бұзылулары бар 50-ден астам бала және инсультке шалдыққан 100-ден астам адам сырттай куәландырудан өтті. Енді жыл соңында проактивті куәландыру үшін нозология ауру түрлерін кеңейту жоспарланып отыр, — дейді Қазақстан Республикасы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Сәлима Алпысова.

Маманның айтуынша, емханада 031/у және 033/у электронды формасы толтырылады. Пациенттің рұқсатымен жеке мәліметтері өңделіп, дәрігер медициналық-әлеуметтік сараптамаға қорытынды енгізеді. Мүгедектік тобын беру туралы сараптамалық қорытындыны басқа үш өңірдің сарапшысы шығарады. Бұдан соң қызмет алушының ұялы телефонына мемлекеттік қызмет көрсетілетіндігі және аумақтық департаментке хабарласу қажеттігі жөнінде хабарлама келеді.

-Мүгедектік туралы құжатты қызмет алушы ешқайда бармай-ақ e-gov-тағы жеке кабинеті арқылы да ала алады. Қазіргі уақытта өңірде 600-ге жуық адам мүгедектікті сырттай анықтау пилоттық жобасына қатысып, медициналық комиссиядан өтпей-ақ өзгермейтін диагнозын растады, — дейді Сәлима Алпысова.

Жалпы СҚО-да мүгедектігі бар 26 мыңға жуық адам тұрады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz