СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы Толқын Қожанова Qyzyljarnews.kz тілшісіне туляремия ауруымен күрес туралы айтты.
Бүгінгі таңда облыс бойынша 13 ауданның 9-ы туляремияның табиғи ошағы аймағында орналасқан. Облыс бойынша 2022 жылдың бірінші тоқсанында туляремиямен сырқаттану жағдайлары өткен жылдағыдай тіркелген жоқ. Соңғы 1 оқиға 2018 жылы болған.
–Туляремия – сирек кездесетін инфекциялық ауру. Бұл ауру әдетте теріге, көзге, лимфа түйіндеріне және өкпеге шабуыл жасайды. Туляремияны Francisella tularensis бактериясы қоздырады. Ауру негізінен ондатра мен тиін,қояндар мен басқа дакеміргіштерге әсер етеді. Туляремия құстарға, қойларға және үй жануарларына, мысалы, иттерге, мысықтарға жұғуы мүмкін. Туляремия адамдарға бірнеше жолмен, жәндіктердің шағуы және ауру жануарлар арқылы жұғады. Туляремия өте жұқпалы және өлімге әкелуі мүмкін, бірақ егер ерте диагноз қойылса, әдетте арнайы антибиотиктермен емделеді, — деп атап өтті маман.
Оның айтуынша, туляремия ауруының нақты алдын алудың ең тиімді әдісі иммундау болып табылады. Вакцинация туляремияның табиғи ошақтарында тұратын 7 жастан 55 жасқа дейінгі, медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ және қауіп тобына кіретін адамдар: аңшылар, балықшылар арасында жоспарлы түрде жүргізіледі. Ревакцинация 5 жылдан кейін жүргізіледі.