«Алтын белгіден» үміткер ҰБТ-да төмен балл алса, мектеп басшылығы жұмыстан шығуы мүмкін

Авторы: Qyzyljar News

«Алтын белгіден» үміткер түлек ұлттық бірыңғай тестілеуде нашар нәтиже көрсетсе, ол білім алған мектеп басшылығы жұмыстан шығарылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzljarnews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, биыл «Алтын белгіден» үміткер оқушылардың ҰБТ тапсыру нәтижесіне талдау жасалмақ. Бұл іске ұлттық тестілеу орталығы жауапты.

-Егер «Алтын белгіден» үмітті талапкер ҰБТ-дан төмен балл алып, шекті балды жинай алмаса, онда мектеп басшылығын жауапкершілікке тартамыз. «Алтын белгіден» үміткерлердің ҰБТ-ны тиісті деңгейде тапсыруы мен академиялық адалдық приципі біздің бақылауымызда», — деді Асхат Аймағамбетов.

Айта кетсек, биыл ҰБТ-да ерекше қажеттілігі бар балаларға қосымша уақыт берілетін болды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz