Қаңтар айынан бері облыс аумағында 111 ұялы телефон ұрлығы тіркелді. Осы ретте полицейлер барынша сақ болу қажеттігін ескертеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 159 байланыс құралы қолды болды. Бұдан басқа, қызметкерлер келіп түскен ақпараттарды тексеру барысында 72 жағдайда телефон жоғалту фактісін анықтаған. Қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық істер тоқтатылды,-дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.
Pexels иллюстрациялық фотосы