СҚО-да мектеп бітіру кешін мейрамханаларда дүркіретіп тойлап, мұғалімдерге сыйлық беруге тыйым салынды

Авторы: Qyzyljar News

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында соңғы қоңырау мерекесі дәстүрлі форматта ұйымдастырылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Түлектерге аттестат табыстау рәсімі маусымның 16-17-сы күндері өткізіледі. Іс-шараға мектептің педагогикалық ұжымы, түлектер, түлектердің ата-анасы, еңбек ардагерлері, қамқоршылық кеңесінің мүшелері, патронаттық ұйым өкілдері, жергілікті атқарушы органдар қатыса алады.

-Соңғы қоңырау, аттестат тапсыру шараларына аниматорларды шақыруға, мерекелік агенттіктердің, жеке студиялардың көмегімен ақы төлеу арқылы өткізуге тыйым салынады. Мерекелік дастархан жаюға рұқсат жоқ. Автокөліктерді жалға алып, қала-аудан бойынша экскурсия өткізуге, мектеп әкімшілігі мен педагогтарға сыйлыққа ақшалай қаражат жинауға, ойын-сауық мекемелерінде оқу бітіру кештерін ұйымдастыруға тыйым салынады, — деді Нәзір Жәшібеков.

Pexels иллюстрациялық фотосы

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz