Шолпан Қаринова: солтүстіктегі ауыл мектептерінің білім деңгейі оңтүстіктегі қала мектептерінен жоғары

Авторы: Qyzyljar News

Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Қаринова Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында солтүстік өңірлердегі ауыл мектептерінің білім көрсеткіші оңтүстіктегі қала мектептерінен жоғары екенін айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Ауыл мектебінде білім сапасы төмен деуге болмайды. Мәселен, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Қарағанды облыстарындағы ауыл мектептерінің білім көрсеткіші оңтүстік өңірдегі қала мектептерінен жоғары. Өңіраралық теңсіздік әртүрлі мәселелерге байланысты туындап жатады. Халықтың тығыз шоғырлануы, олардың әлеуметтік жағдайларына байланысты туындайтын мәселелер бар, — дейді бірінші вице-министр.

Сонымен қатар, вице-министр «Соңғы кезде көптеп ашылып жатқан жеке мектептер қоғамда бай мен кедей баласы деген түсінікті, теңсіздікті қалыптастыра ма?» деген сұраққа жауап берді.

-Қоғамда осы мәселені бөлмеу үшін Үкімет үлкен жұмыс атқарып жатыр. Жекеменшік мектептерді ашу үшін бірінші мемлекеттік тапсырыс алады. Жеке ұйымның басшысы мектеп салуға ниет білдірген болса, барлық құжаттарын өткізіп, құрылысының басынан бастап, соңына дейін жұмсаған қаражатын қайтып алатын механизм бар. Үкімет оған толық қолдау көрсетеді. Салған ақшасын алдағы 8 жылда мемлекет өтеп береді. Мектеп – әлеуметтік сала, сол себепті мемлекет толық қолдау көрсетеді. Әлеуметтік теңсіздікке жол жоқ, — деді Шолпан Қаринова.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz