2022 жылғы 17 мамырда ел Президенті «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Осы жарлықпен ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін жетілдіруді көздейтін Қазақстан Республикасы президентінің 15 жарлығына түзетулер енгізілді. ҰҚК-нің жаңартылған құрылымы бекітілді.
-ҰҚК-нің жекелеген мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылып, оңтайландырылды», — деп хабарлады ҰҚК-нің баспасөз қызметі.
Фото: gov.kz