«Ботай пырағы — 2022» фестивалі өтті

Авторы: Qyzyljar News

Халықаралық музей күніне орай «Ботай пырағы — 2022» фестивалі өтті. Солтүстікқазақстандықтар Ботай тұрағында жиналып, тарихи орындарды аралады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі, Qyzyljartv-ға сілтеме жасап.

Тарихи мекен Петропавлдан 250 шақырым қашықта орналасқан. Ботай қонысы Қазақстанның ғана емес, әлемнің археологиясын дүр сілкіндіріп, тарихқа жаңа деректер әкелді.

— Тұрақтың ашылғанына 40 жылдай болды. Фестиваль 3-ші рет өткізіліп жатыр. 1983, 1990 және міне араға 30 жыл салып өткізілуде. Бұл жер мен үшін қасиетті. Ата-бабаларым осы жерді мекен еткен, мақтан тұтамын,-дейді Алматы қаласының тұрғыны Асанәлі Сұраған.

Осыдан 40 жыл бұрын археологтар Ботай тұрағы аумағынан жылқы сүйектерінің қалдықтарын, керамикалық ыдыстар мен тұрақтар тапқан. Жәдігерлердің бірінде қымыз ДНК-сы анықталған. Бұл сараптаманы даниялық зерттеушілер жасаған екен. Бұл бүкіл әлемге қазақтардың жылқыларды бірінші болып қолға үйреткендігін дәлелдеді.

— Бұл фестиваль арқылы Ботай қонысы жайлы жастарға айтып, оның қадыр-қасиетін түсіндіргіміз келді. Іс-шара барысында қатысушылар ботайлықтардың тұрмыс-тіршілігінің үлгісімен танысты. Сондай-ақ, тері мен керамикалық ыдыстарға және қазба жұмыстары болған жерлерде зерттеу жүргізіп, өздерін археолог маман ретінде сезіне алды,-деді Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының директоры Рахат Мамбеталинов.

Фото:  Sputnik / Елена Бережная

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz