Елімізде студенттердің шәкіртақысы 20%-ға артады

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстанда жаңа оқу жылынан бастап бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша берілетін стипендияның мөлшері артады. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-2022 жылдың 1- қыркүйегінен бастап студенттердің шәкіртақысы ұлғаяды. Атап айтқанда, бакалавриаттағылардыкі 20 %-ға артады, яғни 31 423 теңгеден 36 660 теңгеге өседі. Магистранттардыкі 15%-ға артады, 76 950 теңгеден 86 987 теңгеге көбеймек. Сонымен қатар докторанттардың да шәкіртақысы 15%-ға өседі. Қазір стипендия 172 500 теңге болса, жаңа оқу жылынан бастап 195 000 теңге болады, – деді Қуаныш Ерғалиев.

Осылайша, 1- қыркүйектен бастап 133 мың студенттің қалтасы қалыңдайды. Қуаныш Ерғалиев оқу-әдістемелік құралдары мен нормативтік құжаттарға сай ЖОО-лар жаңа оқу жылына дайындықты 20 тамызға дейін аяқтауы тиіс екендігін ескертті.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz