Биыл елдегі жоғары оқу орындары түлектердің құжаттарын министрліктің бірыңғай цифрлық платформасы арқылы қабылдайды. Бұл жайында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
-Алда түлектерді қорытынды емтихандар күтіп тұр. Әсіресе, жазда университеттер мен колледждердің жұмысы қызады. Биыл оқу орындарына құжат қабылдау біздің министрліктің арнайы цифрлық платформасы арқылы жүзеге асырылады. Арнайы платформа арқылы құжат тапсыру тек мемлекеттік грантқа үмітті түлектер үшін ғана емес, сонымен қоса ақылы бөлімде оқуды жоспарлаған түлектерге де қатысты, — деді Асхат Аймағамбетов.
Министрдің айтуынша, грантқа және ақылы бөлімге оқуға түсетіндер үшін талап бірдей.
-Осылайша құжаттар қабылдау бір жүйе арқылы іске асады. Сондықтан ЖОО-ға ескерту, бұрынғыдай құжаттарды кейін алып келерсіз дейтін заман кетті, — деді Асхат Аймағамбетов.
Фото: ашық дереккөздерден