СҚО-да 500 жұмыссыз мамандықты тегін игереді

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының жұмыспен қамту кезеңінде 34288 адам жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы қоғамдық кеңес отырысында СҚО әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ринат Елжасов хабарлады.

— Аталған жоба аясында кәсіптік оқыту, қайтарымсыз грант беру арқылы бизнес-идеяны іске асыруға жәрдемдесу, әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру, жастар практикасына, қоғамдық жұмыстарға жіберу, басқа өңірлерден қоныс аудару, сондай-ақ бос жұмыс орындарына орналастыру бойынша мемлекеттік қолдау шаралары жүзеге асырылады. Жыл басынан бері жобаға 1 310 жас қатысты, оның ішінде 827 адам немесе 63%-ы — ауыл тұрғындары, — деп хабарлады Ринат Елжасов.

Оның айтуынша, 2022 жылы 500-ге жуық жұмыссыз азаматтарға өтінімдер бойынша және жұмыс берушінің өндірісте кәсіптік оқыту жүйесі арқылы алғашқы мамандықты тегін алу мүмкіндігі беріледі. Жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтуға тартып, қолдау мақсатында кәсіп ашқысы келетіндер үшін бизнес-идеяларды игеруге 400 АЕК-ке дейін қайтарымсыз мемлекеттік гранттар беру қарастырылған.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz