СҚО-да жаңа кірпіш зауыты ашылды

Авторы: Qyzyljar News

Бүгін облыста жаңа кірпіш зауыты іске қосылды. Кәсіпорынның ашылуына облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұл маңызды инвестициялық жоба  мемлекеттің қолдауымен жүзеге асты. Инвесторға 800 млн теңге көлемінде 4 % жеңілдетілген несие берілді. Сондай-ақ шетелдік қондырғыларды әкелуге баж салығынан босатылып, жер телімі 5 жылға тегін берілді.

Кірпіш зауытына 1,8 млрд теңге инвестиция тартылды. 80 тұрақты жұмыс орны ашылды. Кәсіпорын жыл сайын 40 миллион дана кірпіш өндіріп, облыс қажеттілігінің 30 % қамтамасыз етпек.

— Біздің міндет — жергілікті құрылыс компанияларын өзіміздің өніммен қамтамасыз ету. Алдағы 2-3 айда өңірде құрылыс материалдарын шығаратын бірнеше кәсіпорын іске қосылады, деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

 

Фото ашық дереккөзден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz