Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімі болып Ерлан Жаров тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ерлан Жаров 40 жаста. Екi жоғары бiлiмi бар. Еңбек жолын 2001 жылы Көкшетау қаласындағы «Дезинфекция» АҚ заңгер болып бастаған. 2003 жылдан бастап 2015 жылға дейін Тайынша аудандық әкімдігінде бірқатар қызметті атқарды. Аудан әкімінің орынбасары қызметіне дейін көтерілді.
2015-2016 жылдары Көкшетау қаласы «Агрофирма Қазэскпортастық» ЖШС бас директордың орынбасары болды.
2015-тен 2018 жылға дейін Ақмола облысы Зерендi ауданы Зерендi ауылында «Зеренда-Астык» ЖШС директоры лауазымын атқарды.
2016-2019 жылдар аралығында Ақмола облысы Зерендi ауданы «Қызылегіс» фермерлік шаруашылығының басшысы болды.
2019 жылдан осы тағайындауға дейін Тайынша ауданы әкiмiнiң ауыл шаруашылығы және кәсiпкерлiк мәселелер жөнiндегi орынбасары болып еңбек етті.