Облыс тұрғындары әлі де коронавирусқа қарсы екпе алуда. Бүгінде солтүстікқазақстандықтарға үш түрлі өндірушінің препараттары ұсынылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде 319 574 адам вакцинаның бірінші компонентін салдырған. Иммундаудың толық курсынан 309 658 солтүстікқазақстандық өтті. Pfizer препаратын 26 971 тұрғын қойдырды. Бұл вакцинаны 12 мен 18 жас аралығындағы 16 мыңнан астам жасөспірім, 495 жүкті әйел және босанған 3 мың әйел алды.
Екпе егу қосындарына тәулігіне орташа есеппен 250-ге жуық адам келеді. Өңірде Pfizer-дің 8,9 мың, QazVac-тің 12,6 мың және VeroCell вакцинасыныыі 26,2 мың данасы қолжетімді. Мамыр айында облыста коронавирус жұқтырудың үш жаңа дерегі тіркелді.
Фото: ашық дереккөздерден