СҚО-да айранның рұқсат етілген шекті бағасы белгіленді

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да майлылығы 2,5% айранға шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағасын 90 күнге бекіту ұсынылды. Өнімнің бұл түрі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне кіреді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қаулы жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер сайтында жарияланды. Түсіндірме жазбада екінші тоқсанда айранның бағасы 235 теңгені құрайтыны көрсетілген. Дүкен сөрелеріндегі статистикалық бағасы — 272 теңге. Осылайша, шекті бағадан 15,7% — ға асқан. Мұндай жағдайда жергілікті атқарушы органдар шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілейді.

— Орташа бағаның өзгеруіне шикізаттың қымбаттауы әсер етті. Оның ішінде пленка – 76% – ға, қаптайтын материалдар — 30% – ға, ашытқы – 36% – ға, тұрақтандырғыштар — 13% — ға, жуу құралдары — 23% — ға, жабдыққа қосалқы бөлшектер — 50% — ға. Комиссия жүргізген талдау қорытындысы бойынша айранға шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекітудің экономикалық қажеттілігі анықталды, — делінген түсіндірме жазбада.

Әкімдікте жұмсақ қаптамадағы майлылығы 2,5% айран литрінің бағасын алдағы 90 күнге 272 теңге деңгейінде бекіту ұсынылды.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz