Солтүстік Қазақстан облысында 74,3 мыңға жуық оқушы бар. Соның 3387-сі — 11 сыныпты, 6214-і — 9 сыныпты аяқтады. Бүгін ел мектептерінде екі жылдық карантиннен кейін соңғы қоңырау рәсімі дәстүрлі түрде өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Солтүстікқазақстандық түлектердің 140-ы «Алтын белгіден» үмітті. 203-і үздік аттестат алмақ. Бүгін Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектепте «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиын өтті. Биыл алтын ұяларымен 73 оқушы қоштасты.
-18 мамырдан бастап Ұлттық біріңғай тестілеуге сынақтан өтіп жатырмыз. Ата-аналармен тығыз байланыстамыз. 25 мамыр оқушылар үшін, әсіресе мектеп бітіруші түлектер үшін айтулы күн. Түлектерімізге ақ жол тілеймін, дейді мектеп директоры Айнагүл Есқалиева.
Фото: ашық дереккөздерден