Асхат Оралов солтүстікқазақстандық аграрийлерді референдумда белсенділік танытуға шақырды

Авторы: Qyzyljar News

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов солтүстікқазақстандық аграрийлермен, зиялы қауым өкілдерімен, партияның бастауыш ұйымы төрағаларымен және партия активімен кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Асхат Оралов Мағжан Жұмабаев ауданының Полудин ауылындағы сүт-тауар фермасында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, конституциялық реформаның маңызын түсіндірді.

-Конституциялық реформа – «Жаңа Қазақстанды» құрудың нақты механизмі. Ата Заңымызда жер халықтың меншігі деп көрсетіледі. Бұл – өте маңызды қадам. Солтүстік Қазақстан облысында халықтың басым бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысады. Сондықтан 5-маусым күні өтетін референдумға облыс тұрғындары белсене қатысады деген ойдамыз, – деді Асхат Оралов.

Шаруа қожалықтарының бірінің басшысы Алтынбек Сапаров тұрғындар ел дамуындағы жаңа кезеңді референдуммен байланыстыратынын атап өтті.

-Халық болып жатқан өзгерістерді көріп отыр. Тәуелсіздігімізді одан әрі нығайтып, елімізді дамыту үшін Конституцияға қажетті өзгерістер енгізуді қолдауға дайын, – деді Алтынбек Сапаров.

Сонымен қатар, Атқарушы хатшы өңірдің зиялы қауым өкілдерімен, партия, бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен кездесті.

Фото: «AMANAT» партиясының баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz