Александр Винокуров: Қазақстан – велоспорттан Азия көшбасшысы

Авторы: Qyzyljar News

Азия чемпионатында велоспорттан Қазақстан құрамасы 20 медаль жеңіп алды. Қазақстандық кәсіби велошабандоз Александр Винокуров команданың өнеріне жақсы баға беріп, алдағы жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

— Ерлер, әйелдер, жасөспірімдер, паралимпиадашылар – барлығы тиісті деңгейде жақсы өнер көрсетті. Біздің құрама 7 алтын, 8 күміс және 5 қола медаль иеленіп, рекорд орнатты. Қазақстанның велоспорттан Азияның көшбасшысы екенін тағы бір рет дәлелдеді. Әрине, мұның бәрі елімізде велоспортты қолдау мен дамытудың нәтижесі, сондай-ақ ұлттық құрамамыздың спортшылары үшін «Astana Qazaqstan Team» кәсіби велокомандасының құрамында әлемнің үздік шабандоздарымен қатар ең беделді халықаралық жарыстарда өнер көрсету мүмкіндігі. Біз келесі чемпионатқа дайындықты бастаймыз, — дейді Александр Винокуров.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz