Солтүстікқазақстандық «Sensitive» би ансамблі Орал қаласында өткен «Сізді биге шақырамыз!» атты өнер сайысында бас жүлде иеленді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, талайдың таңдайын қақтырған теріскейлік «Sensitive» тобы «Заманауи би» аталымында жеңімпаз атанды. Талантты жерлестеріміз «Смелость» деп аталатын шығарманы сахналап, қарсылас шақ келтірмеді.
Есту және сөйлеу мүмкіндігі шектеулі би ұжымдары арасында өткен байқау Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Дәстүрлі өнер сайысына еліміздің 14 облысынан жиналған 14 би ұжымы қатысып, бақ сынасты.
Фото: СҚО мәдениет басқармасы баспасөз қызметінен