Қазақстан мен Қырғызстанның ауыл шаруашылығы саласының өзара ынтымақтастығы нығая түседі

Авторы: Qyzyljar News

Бішкекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен кездесуі барысында агроөнеркәсіптік кешеннің бірқатар бағыттары бойынша ынтымақтастық орнатуға қызығушылық білдірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Салалық ведомстволардың басшылары Бішкекте ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты теңдік және өзара тиімділік қағидаттарында дамыту үшін қолайлы жағдай жасауды көздейтін меморандумға қол қойды.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың ерекше маңызы бар екенін атап өтті.

-Біз екі министрліктің бірлескен жұмысы үшін бірінші кезектегі басымдықтардың қатарында АӨК өнімдерінің өзара сауда көлемінің ұлғаюын көріп отырмыз. Қазақстан ұн, өсімдік майы, макарон өнімдері, тағамдық жұмыртқа, сүт өнімдері, шоколад және кондитерлік өнімдерді Қырғызстанға өзара тиімді шарттармен жеткізуді жалғастыруға мүдделі. Өз тарапымыздан Қырғызстаннан ерте пісетін көкөністерді (картоп, сәбіз, пияз) сатып алуға мүдделіміз. Елдеріміздің арасындағы сауданы ұлғайту, оның құрылымын жақсарту, жеткізілетін тауарлардың номенклатурасын кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыруды ұсынамыз. Осы меморандумға қол қою екі елдің ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенімдімін, – деді Ербол Қарашөкеев.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2022 жылғы қаңтар-наурыз айларында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдері мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің тауар айналымы 43,4 млн АҚШ долларын құрады. Осы аралықта Қазақстаннан Қырғызстанға экспорт көлемі 28,7 млн АҚШ долларын құрады. Ал Қырғызстаннан Қазақстанға импорт көлемі 14,7 млн АҚШ долларын құрады.

Фото: gov.kz

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz