Бүгін Қазақстанның солтүстігінде найзағай түсіп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, 27 мамырда СҚО-ның солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай түсіп, дауыл соғады, оның үстіне бұршақ жауады деген болжам бар. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын секундына 15-20 метрге жететін жел тұрады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында желдің екпіні 23-28 метрге жетеді.
27 мамырда Петропавлда түнде найзағай мен дауыл күтілуде. Солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.
Фото: ашық дереккөздерден