Облыс орталығында мәдениет қызметкерлері күніне орай қазақ күресінен «ÖNER KÖKJALY» атты алғаш рет облыстық турнир өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Дүбірлі додада облыстық халық шығармашылығының Ерік Асқаров атындағы ақындар мектебінің шәкірті, облыстық, Республикалық айтыс, жыр мүшәйраларының жүлдегері Дәулет Құрмаш (Лақап аты – Дәуқара) 1-орынды қанжығасына байлады.
2-орын Айыртау мәдениет үйінің әншісі, балалар үйінің музыка жетекшісі, облыстық ән байқауларының жүлдегері Еркін Нұрбахтинов иеленді. Лақап аты — Қаракерей.
Ақжар аудандық мәдениет үйінің әншісі, Ақжар аудандық мәслихаттың депутаты, «JasAkharSK» қоғамдық бірлестіктің төрағасы Нұрқасым Хасеновқа 3-орын бұйырды. Лақап аты — Қасым.