Петропавлда адам тонады деген күдікпен 27 жастағы ер адам қолға түсті

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдық полицейлер адам тонады деген күдікпен Есіл ауданының бұрын сотталған 27 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті мамыр айының ортасында шамамен сағат күндізгі 4 кезінде Интернационал мен Жамбыл көшелерінің қиылысындағы аялдаманың сыртында қалалықтардың бірінің смартфоны мен ақшасын тартып алған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Анықталғандай, оның алдында қылмысқа қатысы бар күдікті жәбірленушімен бірге спирттік ішімдік ішкен, кейін заттарын сыпырып алған. Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 191-бабының 1-бөлігі «Тонау» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Бұл бап бойынша 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Күдікті қамауға алынды, тергеу жүргізілуде.

Pexels иллюстрациялық фотосы

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz