Министік өкілдері «Қазақстан Темір Жолы»ҰК» АҚ өкілдерімен ел аумағында қантты кедергісіз уақытылы жеткізу туралы келісім жасады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстан аумағы бойынша темір жол көлігімен қант тиелген 152 вагон бар. Бұдан басқа, өңдеуге арналған құрғақ қант шикізаты тиелген 116 вагон жолға шықты.
-Отандық зауыттарға үшінші елдерден жеткізілетін құрғақ қант шикізатына тарифтік жеңілдік қарастырылған, — делінген министрлік хабарламасында.
Ал облыс әкімдіктеріне жеткізілген қантты жедел қабылдау мен таратуды қамтамасыз ету ұсынылды. Үкімет елді қантпен қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстап отыр.