29 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында «Жеңіс рухы» республикалық турнирі өтіп, оған еліміздің 11 өңірінен 1000-ға жуық каратэші қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Аталмыш жарыста СҚО құрамасы 25 алтын, 19 күміс және 24 қола медаль жеңіп алды. Осылайша, жалпы командалық есепте өңір спортшылары турнир иелерімен бірінші орынды бөлісті. Жеткен жетістіктерінің арқасында Солтүстік Қазақстан облысы «Еуразия Сұңқар» ашық халықаралық турнирін өткізу құқығына ие болды. Алдын ала ақпарат бойынша оған 5 елдің спортшылары қатыспақ.
Фото: ашық дереккөздерден