СҚО-да жол-көлік апаты салдарынан скутер жүргізушісі қаза тапты

Авторы: Qyzyljar News

Қайғылы оқиға «Челябі-Новосібір» тасжолының 498-ші шақырымында Мамлют ауданының Покровка ауылы маңында орын алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

29 сәуірге қараған түні 50 жастағы Ресей азаматы тізгіндеген «Mitsubishi Canter» рефрижераторы «Honda» скутерімен соқтығысқан. Скутер жүргізушісі – Мамлютка қаласының 38 жастағы тұрғыны оқиға орнында қаза тапты.

Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Тайынша ауданы мен Петропавлда да екі дөңгелекті көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғалары тіркелді. Жүргізушілер мен жолаушылар жапа шекті. Жыл басынан облыс жолдарында скутерлер жүргізушілерінің қатысуымен 3 жол-көлік оқиғасы анықталды.

СҚО ПД баспасөз қызметінен

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz