Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков қызметінен босатылып, үйқамаққа алынды деген қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қала басшысы қазір демалыста екенін айтты.
-Соңғы 4 жыл ішінде мен 20 күн демалыста болдым. Нақты қала әкімі лауазымында 5-6 күн ғана демалдым. Оның өзінде пандемия, шектеу шаралары, карантин кезінде демалдым. Қазіргі уақытта демалыста жүрмін, — деп жазды Болат Жұмабеков әлеуметтік желілерде.
Фото: ашық дереккөздерден