2022 жылы Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметіне 100 жыл толды. Мерейтойға орай Нұр-Сұлтан қаласында ауа райы қызметінің метеорология саласы қызметкерлерін — «Қазгидрометтің 100 жылдығы» төсбелгісімен марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушы — Әлия Шалабекова сала ардагерлерін марапаттады.
Бұл күні 28 солтүстікқазақстандық маманға төсбелгі табысталды. Олардың ішінде Тимирязев метеостанциясының бастығы Александр Ефемов те бар. Маманның ата — анасы Владимир Николаевич пен Лидия Андреевна 31 жыл метеорологиялық қызметте еңбек еткен. Александр Владимирович Қазақстанның Ұлттық гидрометқызметінде 1987 жылдан бастап жұмыс істейді.
Қазақстандық метереологтарды бейнебайланыс жүйесі арқылы Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның бас хатшысы – Петтери Таалас пен ДМҰ президенті – Адриан Герхард, сондай-ақ Түркия мен Ресей Федерациясының гидрометеорологиялық қызметтерінің басшылары да құттықтады.