Қазақстанда прокурорлық қадағалау тәртібімен өткен ғасырда қуғын-сүргінге ұшыраған 250 мыңнан астам азамат ақталды. Жазықсыз адамдардың көбі кезінде жер аударылып, күштеп көшірілген. Бұл жайында Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ерлан Кариннің мәліметіне сәйкес, 2020 жылы құрылған мемлекеттік комиссияның жұмыс топтарына 316 сарапшы-ғалым кіреді. 261 адам жабық мұрағаттарда жұмыс істеген. Архив материалдарын іздеу мен талдаудың тиімді жүйесі жасалды. Құпиясыздандырылған құжаттар ғылыми тұрғыдан өңделіп, цифрлық форматқа көшірілуде. Келешекте қуғын-сүргін бойынша тарихи материалдарды бір жерге топтастыратын арнайы портал құру көзделіп отыр.
Фото: ашық дереккөздерден