Әлихан Смайылов: Қазақстанның солтүстік өңірлеріне Ресей арқылы газ тартуға қыруар қаржы қажет

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов еліміздің солтүстік өңіріне Ресейден газ тартуға қыруар қаржыны қажет ететінін айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазақстан-Ресей жұмыс тобының отырысы барысында Ресей тарапы коммерциялық баға бойынша газ сатып алу шартымен Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру нұсқаларын қарауға дайын екенін атап өтті.

-Бүгінгі таңда газдың бағасын анықтау бойынша есептеулер жүргізілуде. Газдандырудың баламалы нұсқаларын қарастыру мақсатында Қазақстан Ресей Федерациясынан сұйытылған табиғи газды жеткізу арқылы газдандыру нұсқасын зерделеуді ұсынды. Сонымен қатар, бұл нұсқа сығымдау және қайта газдандыру бойынша инфрақұрылым құрылысына салымдарды талап етеді, — деп хабарлады Министр.

«Сарыарқа» газ құбырының «Нұр-Сұлтан – Көкшетау – Петропавл» учаскесінде «Мемсараптаманың» ескертулерін жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Премьер-Министрдің айтуынша, кешенді ведомстводан тыс сараптама қорытындысын маусым айының соңына дейін алу жоспарланып отыр.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz