Солтүстікқазақстандық аграрийлер егіс алқаптарының 84% — ына дән сіңірді. Жоспарға сәйкес көкөніс пен картоп толық отырғызылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 2,4 мың гектар жерге астық және дәнді-бұршақ дақылдар егілді. Бұл жалпы жоспардың 82% — ын құрайды. 823 мың гектарға майлы дақылдар сіңірілді. Біржылдық және көпжылдық шөптерді егу жұмыстары 80-87 %-ға атқарылды. Сүрлемдік дақылдарды егу 94%-ға орындалды.
-Биыл өңірдегі егіс алқабының жалпы аумағы 4,3 млн гектарды құрайды. Оның 3 млн гектарына дәнді және дәнді — бұршақты дақылдар, 1 млн гектарына майлы дақылдар себіледі. Әлеуметтік маңызы бар қарақұмықтың ауданы шамамен 10 мың га құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,3 мың га — ға көп. Әртараптандыру аясында жасымықтың егіс алқабы 50,1 мың гектарға, күнбағыс алқабы 103,3 мың гектарға дейін ұлғайды,-деп хабарлады баспасөз қызметі.
Егіс алдындағы топырақ өңдеу жұмыстары 1327,3 мың га жерге жүргізілді, оның ішінде химиялық өңдеу 408,5 мың га құрады.
Фото: Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев