Қазақстандық порттар арқылы жүк тасымалы 2 есеге артты

Авторы: Qyzyljar News

Маңғыстау облысындағы порттар Транскаспий халықаралық көлік бағдарының негізгі нысандары. Ақтау порты барлық кеме түрлерінің кіруі үшін жыл бойы ашық тұрады. деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Соңғы 3 жылда порт екі мыңға жуық кеме қабылдаса, ауыстырып тиелген әр түрлі жүктер көлемі 10 млн. тоннадан асты. 2022 жылдың 4 айы ішінде 1,2 млн. тоннадан астам жүк ауыстырып тиелсе, оның ішінде импортқа — 110 мың тонна, экспортқа 1 млн. 96 мың тонна жөнелтілді. Қойма алаңдарында жүктерді сапалы және сенімді сақтау үшін барлық жағдайлар жасалған. Ашық қойма алаңдарында бір мезгілде 2 500 контейнерді сақтауға болады. Астық терминалының қуаты жылына 700 мың тоннаны өндеуге мүмкіндік береді.

Құрық порты арқылы мұнай өнімдері, химиялық өнімдер, металл, халық тұтынатын тауарлар және басқа да заттар ауыстырып тиеледі. Импортты азық-түлік өнімдері, өнеркәсіптік жабдықтары, құрылыс материалдары және басқа жүктер құрайды. Порт арқылы транзитпен әр түрлі жабдықтар, электроника, тоқыма, химия өнімдері, металл бұйымдары өтеді.

Ақтау солтүстік теңіз терминалы жыл бойы жұмыс істейді. Бұл жылына 3 млн.тоннаға дейін жүкті ауыстырып тиеуге мүмкіндік береді. Оның ішінде 1 млн. тонна, дәнді дақылдарды, 2 млн. тонна негізгі жүкті сақтап, тиеуге мүмкіндігі бар, жалпы ауданы 39,4 га құрайтын көпмақсатты заманауи кешен.

Ақтау портының негізгі жүктер бойынша қуаты 2 млн.тоннадан 4 млн. тоннаға дейін, астық бойынша 1,5 есеге, яғни 0,6 млн. тоннадан 1,6 млн. тоннаға дейін артты. Негізгі және қосалқы техниканың ағымдағы паркі басты және контейнерлік жүктердің барлық түрлерін ауыстырып тиеуге мүмкіндік береді. 2022 жылдың 4 айында 282,7 мың тонна жүк ауыстырып тиелді, бұған қоса 85 кеме өңделді.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz