Биылғы 3 айда облыста миокард инфарктісінен 20 адам көз жұмды

Авторы: Qyzyljar News

Былтыр жүрек ұстамасынан 9 тұрғын қайтыс болса, биыл көрсеткіш күрт өскен. СҚО кардиологиялық орталығы қарқынды терапия блогының меңгерушісі Михаил Телюктың айтуынша, бұл дертке жүректің ишемиялық ауруы, коронарлық артериялардың атеросклерозы немесе басқа патология себеп болады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Өңірде былтыр 279 адам жіті миокард инфарктісі бойынша диспансерлік есепке алынды. 2020 жылы 2449 адам ауырса, өткен жылы осы дертпен 2440 науқас дәрігерге қаралды. Бүгінде миокард инфарктісі кең тараған және ол науқастың кенеттен өліп кетуінің негізгі себебіне айналған. Инфаркт проблемасы әлі толық шешілген жоқ және бұл аурудан қайтыс болатындар саны артып келеді, — дейді Михаил Телюк.

Маманның айтуынша, жүрек ұстамасы кезде сол жақ иық, жауырын асты мен қолы ауырады. Науқастан суық, жабысқақ тер шығып, қорқыныш сезімі, әлсіздік, ентігу пайда болады екен.

-Белгілері пайда болғанда бірден жедел жәрдем қызметін шақыру қажет. Ауруханаға жатқызғанға дейін тіл астына нитроглицеринннің бір таблеткасын салып, 0,25-0,35 г аспирин ішкізу керек. Миокард инфарктісінің алдын алуға болады. Ол үшін ең алдымен темекіні тастаған жөн. Майлы тамақтардан бас тарту, тұзды пайдалану мөлшерін азайту, құрамында калийі мол тамақтарды көп пайдалану, көкөніс пен жеміс-жидектерге басымдық беру, жаттығу жасап, семіздіктен сақтану керек, қандағы холестерин құрамын үнемі тексеріп, бақылап отыру қажет, — дейді Михаил Телюк.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz