Елімізде ЖОО-ға түсу үшін қосымша 15 мың білім гранты бөлінді

Авторы: Qyzyljar News

Биыл мемлекеттік білім гранттарының саны 15 мыңға артты. Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Жоғары оқу орнына түсуге ниет білдірген түлектерге берілетін гранттардың саны 88 214-ке жетті. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 15 мыңға көп. Техникалық мамандықтарға бөлінетін грант саны 60, ауылдық квота 35 пайызға ұлғайды. Әлеуметтік аз қамтылған санаттарға 7 мыңнан аса грант бөлінді, — деді вице-министр.

Шолпан Қаринова тағы колледждерге түсетін жастарға техникалық және кәсіптік білім беруге 45 мың орынға республикалық бюджеттен 10 млрд теңге бөлінгенін айтты.

-Оқуға түсушілер үшін түсу емтихандары алынып тасталды. Енді олар аттестаттың орташа балы арқылы қабылданады. Талапкер 4 колледж бен 4 мамандықты өзі таңдайды, 3-ке дейін бірнеше біліктілік алуға мүмкіндік жасалды. Кәсіпорындарға мақсатты мемлекеттік тапсырыс берілді. Енді кәсіпорындар студенттерді өздері таңдап, оқу бағдарламаларын оқу орнымен бірге жазып, қажетті мамандарды мерзімінде дайындай алады. Жеңілдікпен қабылдау квотасының тізбесі 9 санатқа дейін кеңейтілді, — деді Шолпан Қаринова.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz